jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Үйлену тойына ақша табуы қажет болды": Ақмолада полицейлер мал ұрыларын ұстады

    Қой отары
    Ұсақ мал. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақмолалық полицейлер мал ұрыларын ұстады, күдіктлердің бірі алдағы болатын үйлену тойына ақша тапқысы келген, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    Ведомство ақпараты бойынша, Целиноград ауданының екі тұрғыны елордалық аумақта мал ұрлығымен айналысты деген күдікке ілінген. Тергеу барысында ұсталғандардың ұрлаудың екі дерегіне қатысы бар екені дәлелденді, сондай-ақ олардың Шортанды ауданының аумағында ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріледі.

    Аудандық полицияға ұсақ малды ұрлау туралы хабарлама 6 желтоқсанда келіп түскен. Бірінші жағдайда полицейлердің көмегіне жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің иесі, Талапкер ауылының тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз адамдар 20 бас ұсақ мал ұрлап, 1 млн теңгеге шығын келтіргенін айтты.

    Ал екінші жәбірленуші - аталған елді мекеннің тұрғыны. Оның айтуынша, күдіктілер жеке ауласынан 5 бас ұсақ мал ұрлаған. Мал иесі залалды 300 мың теңгеге бағалаған.

    Екі дерек бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

    "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Целиноград ауданы мен Астананың аумағында криминалдық полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Осылайша Қажымұқан ауылының екі тумасы анықталып, ұсталды.

    Тергеу іс-шаралары барысында ұсталғандар елді мекенге жалға алынған автокөлікпен келгені, малды ұрлап әкетіп, сойғаны анықталды. Заттай дәлелдемелер ретінде ұрланған малдың терілері, сондай-ақ ұсталғандардың сатып үлгермеген үш тұтас еті тәркіленді.

    Сондай-ақ мұндай қылмыстық жолмен ұсталғандардың бірі алдағы үйлену тойына ақша тапқысы келгені анықталған.

    "Үйлену тойына ақша табуы қажет болды": Ақмолада полицейлер мал ұрыларын ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.