jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында Qarmet кеншілерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды (видео)

    ҚР ІІМ жариялаған видеодағы ұстау процесінен скриншот
    ҚР ІІМ жариялаған видеодағы ұстау процесінен скриншот. Фото: polisia.kz

    Қарағанды облысында Qarmet (бұрынғы АМТ) кеншілерінен қорқыту, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Іспен облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен айналысқан.

    "Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында топтың осындай 15 дерекке қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар қылмыстық топтың қатысушылары қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған", - делінген хабарламада.

    Күдіктілерді ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізіліп, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ, оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленген. Жалпы 10 адам ұсталған, олардың ішінде топтың лидері мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.

    "Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен тергелуде.

    Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді", - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

    Қарағанды облысында Qarmet кеншілерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.