jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы әуежайының екі вице-президенті қызметінен босатылды

    Алматы Халықаралық әуежайы
    Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы әуежайының екі аға-менеджері компания топтарындағы қайта құруға байланысты лауазымынан босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Желіде Алматы халықаралық әуежайының екі жетекшісі қызметінен кетті деген ақпарат тараған. Компанияның баспасөз қызметіндегілер KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл жағдайдың жай-жапсарын айтты.

    "Компаниялардың бүкіл тобын қайта құруды жыл сайынғы жоспарлау аясында екі экспат аға менеджері Алматы халықаралық әуежайындағы жұмысын тоқтатты", - делінген хабарламада.

    Әуежай өкілдерінің айтуынша, лауазымдарынан босатылғандар - Алматы халықаралық әуежайының аға вице-президенттері Йеткин Четин Пакер мен Фатих Омур.

    Әуежайдың ресми сайтындағы хабарға қарағанда, Алматы халықаралық әуежайы 2020 жылы Tav Airports түрік компаниясының холдингіне кірген.

    Алматы әуежайының екі вице-президенті қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.