jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    БҚО-да әкімдік қызметкері миллиондаған пара алғаны үшін сотталды

    Костюмдегі ер адам
    Ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    БҚО-да ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған әкімдік қызметкеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, прокурорлық тексеріс кезінде БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карта шотына заңсыз аударым жасау жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталған.

    Бұл факт Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелген. Кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданған.  

    "Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды", - делінген хабарда.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    БҚО-да әкімдік қызметкері миллиондаған пара алғаны үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.