jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда аудан әкімінің орынбасары ұсталды

    Жетісу ауданы әкімінің орынбасарын ұстау сәті
    Жетісу ауданы әкімінің орынбасарын ұстау сәті. Фото: Антикордың баспасөз қызметі

    Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-арнасында.

    "Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

    Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған", - делінген хабарда.

    Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

    Ведомстводағылар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін ескертті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.