jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БҚО-да 14 мектеп директоры жауапқа тартылды

    Сынып
    Сынып. Көрнекі фото: pixabay.com

    Батыс Қазақстан облысында 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік прокуратураның ресми сайтында хабарланды.

    Қадағалау органының мәліметінше, Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталған.

    "Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі анықталды.    

    Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

    Ведомство өкілдері бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемесінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

    БҚО-да 14 мектеп директоры жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.