jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Кәмелетке толмаған төрт бала ұсталды": ішкі істер министрі Астанада оқушы қыз зорланғанын растады

    Қыз жылап тұр
    Қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Астанада қыздың зорлануына қатысты фактіні растады полицейлер кәмелетке толмаған төрт жасөспірімді ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Өкінішке қарай, мұндай факт тіркелді. Біз кәмелетке толмағандарды да бірден анықтап, ұстадық - қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Кәмелетке толмаған төрт бала ұсталды", - деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

    Бұған дейін балалар омбудсмені Динара Зәкиева елордада оқушы қызға зорлық жасалғанын хабарлаған еді. Оның айтуынша, бұл жағдай 17 қаңтарда болған. Қазір қыз бала психологтың бақылауында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.