jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Атырауда белгілі журналистің көлігін өртеп жіберген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

    Өртенген көлік пен өрт сөндіруші
    Өртенген көлік. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Атырауда сот қазақстандық журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберген ер адамды 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Былтырғы мамыр айында Атырауда белгілі журналист Виктор Сутягиннің Lexus көлігі өртенген болатын. Қылмыс сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

    Арада тоғыз ай өткенде №2 сот осы атышулы іс бойынша үкім шығарды.

    Іс материалдарынан анықталғандай, сотталушы 2023 жылдың 11 мамырында жәбірленушінің көлігін қасақана өртеп жіберген. Көлік иесіне 25 миллион теңгеге материалдық шығын келтірілген.

    Сотталушының кінәсі сотталушының, куәлардың айғақтарымен, бейнебақылау камераларының фото және бейнежазбаларымен және басқа да іс материалдарымен расталды. Ер адамның өзі кінәсін мойындаған және шын жүректен өкінетінін айтып, тергеуге белсенді көмектескен.

    Сот үкімімен сотталушы аса ірі залал келтіріп, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін кінәлі деп танылды. Оған 5 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Жәбірленушінің азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

    Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.