jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Полиция бастығына ұқсайтын" адам төбелесті деген видеоға Ақмола облыстық полициясы пікір білдірді

    Төбелесіп жатқан адамдар
    Төбелес. Көрнекі фото: mrohana/Getty Images

    Желіде Ақмола облысында аудандық полиция бастығы мен орынбасары арасында болды делінген төбелестің бейнежазбасы тарады. Полиция департаменті осы жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бейнежазба Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Автордың айтуынша, видеоға Ақмола облысының аудандық полиция бастығы мен оның орынбасары арасындағы ерегіс түсіп қалған.

    "Ақмола облысы Егіндікөл ауданы полициясының бастығына қатты ұқсайтын адам мен оның орынбасары жанжал шығарды", - делінген жазбада.

    Облыстық полиция департаменті бұл видео бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.