jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайда әкімдік қызметкері әскерге шақыртуды кейінге қалдыру үшін "сыйақы" алған

    Шенеунік11
    Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Қостанай әкімдігінде бөлім басшысы азаматтан әскерге шақыртуды кейінге қалдырам деп ақша алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Қостанай облыстық сотының ресми сайтында хабарланғандай, № 2 қалалық сотта "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Сотта азаматтың міндетті әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды алуға заңды негіздері жоқ, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлерінен жасырынып жүргені анықталды.

    Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 3 маусымда әскерге шақырту алған азамат өзінің танысы арқылы лауазымды шенеунікке мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру үшін көмек сұраған.

    "Айыпталушы осы мәселе бойынша 400 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін көмек көрсетем деген. Әскерге шақырылған азамат оған 400 мың теңге беріп, айыпталушы өз қажеттіліктеріне жұмсаған", - деп хабарлады сотта.

    Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінді.

    Жасалған әрекеттің жеке басын, істегі барлық мән-жайды ескере отырып сот оған 4 млн теңге айыппұл және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуға үкім етті.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Қостанайда әкімдік қызметкері әскерге шақыртуды кейінге қалдыру үшін "сыйақы" алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.