jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда полицей жол-көлік апатын жасап, жұмыстан қуылды

    Полиция көлігі
    Полиция көлігіндегі жарық сигналы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда мас күйде жол апатына ұшыраған полицей жұмыстан қуылды. Оған қатысты тергеу амалдары басталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Telegram-дағы Egovpress арнасында жарияланған ақпарат бойынша, 2024 жылғы 19 ақпанда полиция майоры қызметтік көлікті мас күйде жүргізіп келе жатып, басқа қызметтік көлік пен Toyota көлігін жол апатына ұшыратқан.

    "Наркологиялық сараптамасының қорытындысы бойынша ұсталған азаматтың зәрінен "Мефедрон" химиялық есірткі заты табылды", - делінген жазбада.

    Алматы полиция департаменті осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

    "Алматы полиция қызметкерлерінің мас күйде жол-көлік оқиғасын жасағаны бойынша тергеу басталды. Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органдарынан теріс уәжбен жұмыстан босатылды. Бірқатар басқа басшы тәртіптік жазаға тартылды", - деді полиция қызметінің өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.