jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында ішінде 1,5 млн теңгесі бар Toyota Land Cruiser Prado көлігі ұрланған

    Ұрланған көлік
    Көлік. Фото: polisia.kz

    Белгісіз ер адам Жамбыл облысының Жуалы ауданында шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1,5 млн теңге ақшасын ұрлаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жамбыл облысының полицейлері өзгенің көлігін де, ақшасын да заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді.

    "Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1,5 млн теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады.

    Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік құралы Тараз қаласынан табылды", - делінген полиция хабарламасында.

    Ведомствоның мәліметінше, 34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген.

    Полицейлердің мәлімдеуінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.