jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    ҰҚК Алматы облысында аға прокурорды ұстағанын хабарлады

    ҰҚК жедел тобы
    ҰҚК жедел тобы. Фото: gov.kz

    Желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Балқаш ауданының аға прокурорын 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстау фактісін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаментінің бірлескен іс-шаралары аясында 12 ақпанда Қонаев қаласында Қ.Сонабаевтың ұсталу фактісін растаймыз.

    Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп мәлімдеді NUR.KZ тілшісіне департаменттің баспасөз қызметі.

    Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеудің мән-жайы жария етілмейтінін атап өтті.

    ҰҚК Алматы облысында аға прокурорды ұстағанын хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.