jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмолалық әйел алимент ретінде 65 миллион теңге алған

    Ер адам ақша ұстап тұр
    Ақша. Көрнекі фото: Yevgeniy Sambulov/Getty Images

    Ақмола облысының тұрғынынан алимент түріндегі қарыз ретінде 65 миллион теңге өндірілді. Мұндай факт Қазақстанда алғаш рет тіркелді. Бұл туралы облыстық әділет департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, ер адам 2011 жылдан бері 13 жыл бойы алимент төлеуден жалтарып келген.

    Борышкердің есепшоттары бұғатталып, оған басқа да ықпал ету шаралары қолданылған кезде медиациялық келісім жасалған. Соның нәтижесінде Ақмола облысының тұрғыны 50 миллион теңгені бірден, ал қалған ақшаны кейін алған.

    Айта кетерлігі, Ақмола облысында жыл басынан бері барлығы 69 миллион теңге алимент өндірілген, оның 65 миллионы бір ғана әкеден өндірілген.

    Еске сала кетейік, 29 ақпанда Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы баланың алиментін ұрлап келген деген күдікке ілінгенін жазған едік. Осы уақыт ішінде сот орындаушысының арнайы шотына баланы асырауға борышкердің жалақысынан 816 мың теңге аударылған. Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына аудармаған.

    Ақмолалық әйел алимент ретінде 65 миллион теңге алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.