jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қызметтен босатылған әкім Қарағанды облысында неліктен алкогольге мас күйде көлік басқарғанын түсіндірді

    Қайрат Құсайынов
    Қайрат Құсайынов. Фото: gov.kz

    Бұған дейін алкогольге мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынған ауыл әкіміне қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Салдарынан әкім қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының ақпаратына сүйенсек, қызметтік тексеру барысында Ғабиден Мұстафин ауылының әкімі Қайрат Құсайынов 3 наурызда алкогольге мас күйде қызметтік көлік басқарғанын растады.

    "Атап айтқанда, ол анасына күрделі ота жасалғанын, 3 наурызда оның ауруханадан шыққанын, кейін ол қуанышты жайтқа байланысты ішімдік ішкенін, одан соң көршілерін үйлеріне жеткізіп салу мақсатында көлік басқаруға отырғанын айтты. Бірақ бұл ретте оған жол полициясының қызметкерлері келген, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", – деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде.

    Құсайынов кәсіби этика нормаларын бұзғанын мойындады.

    Осылайша әдеп жөніндегі кеңес Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылының әкімін қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

    "Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, Бұқар жырау ауданы әкімдігі әдеп жөніндегі кеңесінің қаулысы негізінде 2024 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша Ғабиден Мұстафин ауылының әкімін мемлекеттік қызметтен босату туралы қаулы қабылданды", – деп хабарлады аудан әкімдігінің өкілдері.

    Еске салайық, бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңесі Ғабиден Мұстафин ауылының әкімін қызметінен босатуды ұсынғанын жазған едік.

    Қызметтен босатылған әкім Қарағанды облысында неліктен алкогольге мас күйде көлік басқарғанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.