jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты дау шықты

    Серік Батырғожинов. Фото
    Серік Батырғожинов. Фото: Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

    Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновқа қыз зорлады деген айып тағылды. Бұл жайтқа қатысты облыс әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Facebook желісінде шенеунікке қатысты жазба жарияланды. Бұл ретте Павлодар облысының әкімдігі қызға қарсы арыз түскенін мәлімдеді.

    "Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов денсаулығына байланысты 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында болды.

    Біздегі мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың арызы негізінде бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жәбірленуші тарап – Серік Батырғожинов.

    Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен фактілері тексеріліп, расталған жоқ. Бүгінгі таңда іс сотқа жіберілді", - деп түсіндірді аймақ басшысының баспасөз қызметі.

    Ведомство толық ақпарат алу үшін процеске қатысушылармен тікелей байланысуды ұсынды.

    Павлодар облысының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

    Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты дау шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.