jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында атыс болып, ер адам жарақат алды

    Қару
    Қару. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде бірнеше адам төбелесіп, кейін атыс болды. Салдарынан ер адам оқ жарақатын алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Шет ауданы, Ағадыр ауылында атыс болған. Оқиға орнынан түсірілген видео Denski_blog паблигінде жарияланды. Басылым авторының айтуынша, жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Видеодан төбелеске бірнеше ер адам қатысқанын көруге болады.

    Видеоға қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, төбелеске қатысушылар ұсталған.

    "31 наурызда Ағадыр ауылындағы емдеу мекемесіне жергілікті тұрғын аяғындағы оқ жарақатымен келген. Полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Қарағанды облысында атыс болып, ер адам жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.