jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    ІІМ елдің үш өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлері
    Құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Видеодан кадр: Polisia.kz

    Ішкі істер министрлігі еліміздің үш облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін қамауға алды. Олар есірткі сатумен айналысқан деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ведомство мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматы қаласында ұсталған.

    Алматы және Семей қалаларында каннабис тобының есірткі заттарын сатумен айналысқан алматылықтар ұсталды.

    "Гашиш пен марихуананы сату Telegram қосымшасы арқылы жүзеге асырылған. Топты ұйымдастырушы чат құрып, онда гашиш пен марихуананың әртүрлі сорттарының құны туралы ақпарат салып отырған.

    Топтың басқа мүшелері өздеріне тиісті қылмыстық рөлдерге сәйкес есірткіні заңсыз сақтаумен, дозаларға бөлумен, оларды Алматы мен Семей аумағында тасымалдаумен және жасырумен айналысқан", - делінген хабарда.

    Полиция қылмыстық топ мүшелерін ұстап, ұйымдастырушыға іздеу жариялаған. Тінту кезінде бір килограмнан астам гашиш тәркіленген.

    Тәртіп сақшыларының дерегінше, Орал қаласында тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер каннабис тобының есірткісін сатумен айналысқан. Олардан 540 грамм гашиш тәркіленген.

    "Топты ұйымдастырушы Telegram мессенджерінде интернет-дүкен құрып, есірткі сатуға басшылық еткен. Есірткіні өткізу интернет-дүкеннің әкімшісі және жалдамалы есірткі жасырушылар арқылы жүзеге асырылған", - деді полициядан.

    Жыл басынан бері ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 20 есірткі зертханасын жойған, оның ішінде сегізінде синтетикалық есірткі әзірленген.

    Тінту барысында пайдалануға дайын 129 кг синтетикалық есірткі және 390 кг прекурсор тәркіленді. Сонымен қатар 12 фитолаборатория анықталып, олардан 34,5 кг каннабис тобының есірткісі тәркіленді.

    Сондай-ақ биыл полиция алты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, оның ішінде екеуі трансұлттық топ.

    ІІМ елдің үш өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.