jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Салтанаттың қайтыс болғанын білмедім": Байжанов бейнежазбаны неге өшіргенін айтты

    Салтанат Нүкенова
    Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

    Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтан жауап алынып жатыр. Айыпталушы Нүкенова қайтыс болған күні BAU мейрамханасының бейнебақылау камераларындағы бейнежазбаны не себепті өшіргенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мені қылмысты жасырып қалды деп айыптап жатыр. Оған бейнежазбаларды өшіріп тастағаным себеп болды", - деді Байжанов.

    Оның сөзінше, Бишімбаев ештеңені түсіндірместен мейрамхананы жабуды талап еткен. Байжанов өз кезегінде онымен дауласпағанын және артық сұрақ қоймағанын айтты.

    Айыпталушының сөзінше, бейнежазбалар өшпей тұрып, ол Салтанат Нүкенованы екі рет қана көрген. Біріншісі - Бишімбаев көрпе әкелуін сұрағанда, екіншісі - Бишімбаев үйге қайтатынын айтқан кезде. Бұл сәтте Байжанов Салтанатқа тұруға көмектескен.

    "Ол менің қолымды қатты қысып алды", - деді Байжанов.

    Оның айтуынша, сағат 13:30-да Бишімбаев оған хабарлама жіберіп, камералардағы бейнежазбаны өшіріп тастауын талап еткен.

    "Видеоны өшірген кезде мен Салтанаттың өлгенін білмедім, біле алмадым да. Соңғы рет оны тірі күйінде көрдім. Оның қашан қайтыс болғанын білмеймін. Қорытындыда Салтанат жарақат алған соң, 6-8 сағаттан кейін көз жұмғаны жазылған. Егер 8:00 мен 9:00 арасында жарақат алса, демек, шамамен 15:00 мен 17:00 аралығында қайтыс болған. Яғни, 13:30-да видео өшіріп жатқан кезде ол тірі болған. Егер ол сәтте Салтанат қайтыс болып кетсе де, мен оны білмедім, біле алмадым да. Себебі оны соңғы рет көргенімде ол тірі еді", - деді Байжанов.

    "Салтанаттың қайтыс болғанын білмедім": Байжанов бейнежазбаны неге өшіргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.