jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ол адам өлтірді": Бишімбаевтың адвокаттары сотта Байжановты ашуландырды

    Бақытжан Байжанов сот отырысында
    Бақытжан Байжанов сот отырысында. Фото: youtube.com/@SupcourtRK

    Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов Бишімбаевтың адвокаттары қойған сұраққа ашуланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бишімбаевтың адвокаттары Бақытжан Байжановтан оны Бишімбаевтың нақты не үшін қарғағанын сұрады. Бұған дейін сотта Байжанов "сені және балаларыңды қарғаймын" деп ағасы қысым көрсетіп жатқанын айтқан болатын.

    Осы кезде Бишімбаев қарғыс оның атына жазылған мүлікке, атап айтқанда, ата-анасының пәтері мен көлік құжаттарын қайтарудан бас тартуына байланысты айтылғанын мәлімдеді.

    Байжановтың адвокаттары мүлікке байланысты сұрақтардың іске қатысы жоқ екенін айтты. Бишімбаевтың қорғаушылары қойған сұраққа Байжанов ашуланып, жауап қатты.

    "Қандай құжаттар туралы айтады (Бишімбаев – ред. ескертпесі). Бишімбаевтың сөзін тыңдасаңыз, жай келген адам сияқты отыр, шындығында ол адам өлтірді", – деді Бақытжан Байжанов.

    Судья тараптардан сабыр сақтауды сұрады.

    "Қорғаушы, сіздің мүлікке қатысты сұрақтарыңыз қабылданбады. Азаптау, өлімге әкелген аса ауыр қылмыс туралы хабарламау, жасыру деген айыптар бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Алдын ала тағылған айыптар бойынша сұрақ қойыңыз", - деді судья Айжан Құлбаева.

    Кейінірек, прокурор Байжановтан кісі өлтірді деген сөзінің нені білдіретінін түсіндіруді сұрады.

    "Ол кісі өлтірді. Бишімбаев. Сол кезде (Нүкенова кайтыс болған күні - ред.) ол басқа Бишімбаев болды. Қазір басқа Бишімбаев. Ол жылап: "Бақытжан, мен адам өлтірдім, өз қолыммен. Баламның, әке-шешемнің бетіне қалай қараймын?" деген еді. Өкінді. Осы сынды сөздер көп болды", - деді Байжанов.

    Прокурор: "Сіз қазір Бишімбаевты адам өлтірді деп айтып отырсыз ба", - деп тіке сұрақ қойды.

    "Иә", - деп жауап берді Байжанов.

    "Ол адам өлтірді": Бишімбаевтың адвокаттары сотта Байжановты ашуландырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.