jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлда көмек тарату пунктінде тұрғындар жанжал шығарды

    Гуманитарлық көмек
    Көмек жинау сәті. Көрнекі сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек таратып жатқан жерде екі ер адам төбелесті. Олардың бірі жазаланды, деп хабарлайды Petropavlovsk.news басылымы.

    Басылым мәліметінше, Петропавлдағы көмек тарату пунктінде 30 жастағы және 37 жастағы екі ер адам төбелесіп қалған.

    Олардың бірі зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмекті тарату процесін видеоға түсірген. Екінші ер адамға оның бұл әрекеті ұнамай, видеоға түсіруді тоқтатуды сұраған.

    Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны бас тартпайтынын айтып, қарсыласын ұрған, деп жазады басылым тілшілері.

    Тәртіп сақшылары ер адамның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, аталған факт бойынша әкімшілік іс қозғады.

    16 сәуірде сот қала тұрғынын 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.

    Петропавлда көмек тарату пунктінде тұрғындар жанжал шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.