jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Елорда мектебінде атыс болатыны жайлы ақпарат тарады: қалалық білім басқармасы мәлімдеме жасады

    Мектеп кабинеті
    Мектеп кабинеті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Бұған дейін Telegram желісінде Астана мектептерінде атыс болады деген хабарлама тараған болатын. Аталған хабарлама мектеп оқушыларының ата-аналарын алаңдатқан. Қалалық білім басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Астана қаласы Білім басқармасының ақпараты бойынша, бүгінде қала мектептеріндегі барлық оқушы қалыпты режимде білім алып жатыр.

    Екінші ауысымдағы оқушылар да әдеттегі режиммен оқиды", - делінген Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде Telegram-да арна ашылып, белгісіз біреу Астанадағы мектептердің бірінде атыс шығаратынын жазған болатын. Хабарламаға қарулардың суреті де қоса берілген. Полиция бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірІп, жарияланған жазба шындыққа жанаспайтынын айтты.

    Кейін полицейлер Астанадағы мектептерді тексеріп, ақпарат расталмағанын мәлімдеген.

    Еске салайық, биыл қаңтарда және ақпанда мессенджерлерде Қазақстан мектептерінде лаңкестік әрекеттер болуы мүмкін деген жалған хабарламалар тарай бастаған еді.

    Осылайша қаңтардың соңында Telegram желісінде арна пайда болып, оның авторы Ақтөбе мектептерінде жаппай атыс шығаратынын мәлімдеген. Облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

    Сол күні полицейлер тараған хабарламалардың авторы деген күдікке ілінген адамды анықтаған. Ол 18 жастағы іргелес орналасқан елдердің бірінің тумасы екені анықталды.

    Ақпанның басында Павлодар облысы полиция департаменті павлодарлық мектептерде белгісіз біреулер теракт дайындап жатыр деген ақпаратқа да түсініктеме берген болатын. Келесі күні Павлодарда мектеп оқушыларының үштен бірінен астамы сабаққа келмегені хабарланды.

    Елорда мектебінде атыс болатыны жайлы ақпарат тарады: қалалық білім басқармасы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.