jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Өш алғым келді": Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні неге видео түсіргенін айтты

    Салтанат Нүкенова
    Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

    Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаттары Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні экс-министрдің телефонына түсірілген видео мәселесін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Адвокаттар Бишімбаевтан Салтанатты тұрмысқа шыққанға дейін басқа ер азаматпен қарым-қатынасы болғанын мойындауға неге мәжбүрлегенін сұрады. Видеоны экс-министр 9 қарашада сағат 06:40 шамасында түсіре бастаған.

    "Хаттамада Нүкенова сізді басқа ер адамдармен жақын қарым-қатынасы туралы айтып, мазақ еткенін көрсеткенсіз. Бейнежазбада сіз оны ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен деп айтуға мәжбүрлегеніңізді естіп отырмыз. Бұл әрекетіңіздің себебі неде?" - деді адвокаттар.

    Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан өш алғысы келгенін мойындады.

    "Мен өткен жолы түсіндіргендей, сағат 21:30-дан 06:00-ге дейін және лифтінің алдында ол мені балағаттап, намысқа тиетін сөздер айтты. Өзіңіз ойлаңызшы: сіздің жұбайыңыз киімін шешіп тастап, VIP-залда жалаңаш жүреді, алкогольге масаң күйде сізді балағаттайды, сіз сыйлаған қымбат бұйымдарды лақтырады. Мұндай қарым-қатынас дұрыс па? (...) Мен де оны төмендетіп, намысына тигім келді.

    Өзім тек тойдан кейін білдім (басқа ер азаматқа қатысты – ред. еск.). Сондықтан одан өш алуды қаладым. Алты сағаттан аса уақыт ол мені қинап, қалағанын істеді. Мені осындай жағдайға жеткізді", - деді сотталушы.

    Видеоны талқылау барысында Бишімбаев Нүкенованың ернінен де қан аққанын айтты. Бұл жайында күдікті алдыңғы сот отырысында тіс жармаған еді.

    "Сіздің шынтағыңызға дейін қан (телефондағы видеода – ред. еск.) көріп отырмыз. Киіміңіз де қанға боялған. Қан қайдан шықты? Жеңіңізде неге қызыл дақтар көрініп тұр", - деп сұрады жәбірленуші тараптың адвокаттары.

    "Бұл күртешені Нүкенова киіп тұрды. Ол шешінген соң мен оған күртемді бергенмін, ал оның мұрнынан қан ақты, ерні де кішкене қансырап тұрды", - деді Бишімбаев.

    Экс-министр Салтанаттың тізесінен де қанын сүрткенін мойындады. Ал осыған дейін ол тек марқұмның иегіндегі қанға қатысты айтқан еді.

    "Яғни, сіздің есіңізге бәрі уақыт өте түсіп жатыр. Солай ма?" - деді адвокат Бишімбаевқа.

    "Енді менің ойымда бәрі жатталып қалмаған ғой. Кейбірін видеодан көріп (дене жарақаттарын салған сәт – ред. еск.), есіме түсірдім", - деді Бишімбаев.

    "Өш алғым келді": Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні неге видео түсіргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram