jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бишімбаев соты жоғары оқу орындарындағы дәрістерде талқылана бастаған (видео)

    Бишімбаев соты
    Бишімбаев соты. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

    Қазақстандықтар бір айға жуық уақыт бойы онлайн көрген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот студенттердің заң саласы мамандығына деген қызығушылығын арттырды. Бұл туралы "31 арна" хабарлайды.

    Шымкенттегі жоғары педагогикалық колледжінің құқық негіздері пәнінің оқытушысы Жасұлан Тоғай айтуынша, қазір жоғары оқу орындарындағы дәрістерде резонансты процес қызу талқыланып жатыр. Ал көптеген студент сот отырысын көріп, тіпті мамандықтарын ауыстыруды қалайтынын айтқан.

    "Осы процестен кейін студенттер қылмыстық істерге қызығушылық таныта бастады. Біз прокурорлар не дейді, судьяның сөзі, адвокаттар сұрақтарды қаншалықты дұрыс қойды деген мәселені, сот отырысын талқыладық", - деді Жасұлан Тоғай.

    Ол сот отырыстарының эпизодтарында айтылған сөздер де таралып жатқанын. қазақстандықтар адвокаттар, прокурорлар мен судьяны танып қалғанын атап өтті.

    Телеарна мәліметінше, әлеуметтік желілерде зардап шеккен тараптың адвокаттары "әділеттік лигасы" деп аталады.

    "Осы процестен кейін жастардың көбі құқыққорғаушы болғысы келеді. Біз үлкен қызығушылықпен қарадық", - деді студент Назерке Рысқұлбек.

    Студенттер ашық соттан кейін адвокат, прокурор, судья мамандықтарына қызығушылық артқанын айтты.

    "Маған прокурор өте ұнады. Оның өзін қалай ұстайтыны, жұмысын жақсы атқаратыны қызықтым. Қазір прокурор, заңгер, адвокат болғысы келетін жасөспірімдер көбейіп келеді", - дейді студент Жасмина Седіғалиева.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.