jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    12 млн теңге: Қарағандыда ұрланған жаңа көлік иесіне қайтарылды

    Көлікті ұрлау сәті
    Көлік ұрлап жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Полицейлер Қарағанды тұрғынына ұрланған 12 миллион теңге тұратын жаңа көлігін қайтарып берді. Көлік қала даңғылдарының бірінде табылған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, таңертең Қарағандыда тәртіп сақшылары патрульдік көлікте өз аумағын аралап жүргенде орталық басқару орталығына белгісіз адам көпқабатты үйдің ауласынан 12 миллион теңге тұратын жаңа көлікті ұрлағаны жайлы хабарлама келіп түскен.

    Тәртіп сақшылары оқиға орнының маңындағы елді мекендерді аралап, көлікті іздей бастады. 20 минуттан кейін олар даңғылдардың бірінде келе жатқан ұрланған көлікті байқаған.

    "Патрульдік полиция қызметкерлері 30 жастағы ер адам басқарған көлікті ұстады, ол жай ғана қымбат көлік мінгісі келгенін айтып, қылмысын мойындады", - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілдері.

    Жаңа көлік иесіне қайтарылды, ол полиция қызметкерлеріне жеделдігі үшін алғыс білдірді. Полицейлердің айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп отыр.

    12 млн теңге: Қарағандыда ұрланған жаңа көлік иесіне қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.