jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтауда жастар ұйымдастырған кортеж тұрғындардың мазасын қашырған (видео)

    Ақтауда көше бойындағы кортеж
    Ақтаудағы тәртіпсіздік. Видеодан кадр: instagram.com/na_dorogah_aktau

    Ақтауда бірнеше көлікті тізгіндеген жастардың ережеге қайшы әрекеті видеоға түсіп қалды әрі қала тұрғындарының ашуын келтірген. Тәртіп бұзушылар жазаға тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жастардың көше бойындағы түнгі сейілінің видеосы Instagram-дағы na_dorogah_aktau парақшасында жарияланған.

    Кадрда бірнеше көліктің екі қатар болып бара жатқанын көруге болады. Кортеж жолды жауып тастағандықтан, басқа көлік жүргізушілеріне кедергі келтірген. Бұған қоса жастар көліктен кеудесін шығарып алып айғайлаған.

    Бұл видеоға тәртіп сақшылары пікір білдірді. Маңғыстау облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне тәртіп бұзушылардың жазаланғанын хабарлады.

    "Құқықбұзушылық жасаған 12 көлік иесі анықталды.

    Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 437, 593, 606, 614, 615-баптары бойынша бірқатар әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ақтауда жастар ұйымдастырған кортеж тұрғындардың мазасын қашырған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.