jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен": СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Әлеуметтік желіде полицей көлігінің видеосы жаппай тарап жатыр. Автордың сөзінше, тәртіп сақшысы артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскен. Ал аталған бейнежазбаға қатысты СҚО ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео астындағы жазбаға сенсек, СҚО-да блогер полицияның қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланғанын анықтаған. Онда тәртіп сақшысы "артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскені" де жазылған.

    "ТЖ режимінде, мыңдаған отбасы баспанасыз қалғанда СҚО ПД қызметкері заң мен тәртіпті қадағалап, халықтың мал-мүлкін қорғаудың орнына артқы орындықта "махаббат ұйымдастырыпты", - делінген жазбада.

    Ал видео кадрларынан анық ештеңе байқау мүмкін емес. Тек қызметтік көлік пен алдыңғы орындығында отырған азамат қана көрінген.

    Аталған бейнежазбаға қатысты NUR.KZ тілшісіне СҚО ПД жауап берді. Ведомство баспасөз қызметі аудандық полиция бөліміне 44 жастағы азамат келіп, полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне арызданғанын айтты.

    "Жүргізілген қызметтік тергеу барысында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу, сондай-ақ құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық фактісі анықталды.

    СҚО ПД бастығының бұйрығымен қызметкер ІІБ-нен босатылды, сондай-ақ бірқатар басқа қызметкер, оның ішінде аудандық бөлім басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.

    "Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен": СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.