jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Маңғыстау облысында су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан ер адам жазаланды

    Ұялы телефон ұстап тұрған әйел
    Ұялы телефон ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Маңғыстау облысының тұрғыны Атырау облысындағы төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды – ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Lada.kz.

    Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

    Маңғыстау облысының тұрғыны ұялы телефонындағы WhatsApp мессенджері арқылы Атырау облысында төтенше жағдай болғаны туралы жалған, дәйексіз ақпарат таратқан.

    "Әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 мың теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл салынды" , - делінген сот хабарламасында.

    Қаулы күшіне енді.

    Маңғыстау облысында су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан ер адам жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.