jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Пара алғаны үшін сотталған Сәтбаевтың экс-әкімі сот үкіміне шағымданбақ болған

    Шапағат Әубәкір
    Шапағат Әубәкір. Фото: gov.kz

    Кәсіпкерден 10 миллион теңге пара алғаны үшін сотталған Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі сот үкіміне шағымданбақ болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен бұл үкім өзгеріссіз қалдырылды, сотталған Ш.Әубекірдің, оның қорғаушысының апелляциялық шағымы және прокурордың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады", - делінген облыстық сот хабарламасында.

    Еске салайық, 2024 жылғы ақпан айында желіде Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровтің пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Антикор қала басшысының ұсталғанын растап, Қылмыстық кодекстің 366-бабы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

    Наурыз айының басында іс сотқа жетті.

    Сот материалдарына сәйкес, Әубәкіров 2024 жылғы ақпан айында қала әкімі бола тұра, Сәтбаев қаласында жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу шартының сомасын арттыруға жәрдемдескені үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алғаны белгілі болды.

    Сот шешімімен Сәтбаев қаласынң бұрынғы әкімі Әубәкіров 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

    Пара алғаны үшін сотталған Сәтбаевтың экс-әкімі сот үкіміне шағымданбақ болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.