Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзді қашан айтатыны белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжанов дүйсенбі, 6 мамырда сотта соңғы сөздерін айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарғы сот мәліметінше, айыпталушылар соттағы соңғы сөзді 6 мамырда сағат 10:00-де айтады.
Бүгін сот жарыссөзінде айыпталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.
Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).
Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2096021-bishimbaev-pen-baizhanov-sotta-songgy-sozdi-qashan-aitatyny-belgili-boldy/