jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Сотта соңғы сөзін айтқан Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың отбасынан кешірім сұрады (видео)

    Бақытжан Байжанов сот отырысында
    Бақытжан Байжанов сот отырысында. Фото: t.me/Jogargy_sot

    Елорда сотында Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот жарыссөзі аяқталды. Қылмысты жасырды деп айыпталған Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов сотта соңғы сөзін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Иә, мен мейрамхананың жабық болғанын, қызметкерлердің таратылғанын ешқашан жоққа шығармадым. Видеофайлдарды жоюды, телефонды әрі-бері алып жүруді, киім әкелуді тапсырдым. Мұның бәрі болды. Бірақ бұл жерде басты мәселе бұл емес. Құрметті алқабилер, үкім шығармас бұрын мен мұны білдім бе, осы басты сауалға жауап табуларыңызды сұраймын. Тергеушілер де, прокурорлар да бұған жауап бермеді, бар үмітім сіздерде", - деді Байжанов.

    Содан кейін айыпталушы осы күндері Салтанатпен кездесіп қалған сәттерін еске түсіргенін айтты.

    "Ол өмір сүріп, жақындарына махаббатын, мейірім мен жылулығын бере алатын еді деп ойландым. Ол өте жылы жүзді, шынайы адам болды. Бүгін қандай да бір сөзбен отбасы мен жақындарының ауыртпашылығын жеңілдету мүмкін емес. Бірақ бұл қайғы мен қазаны жеңілдетудің қандай да бір мүмкіндігі болса, мен жазамды өтеуге дайынмын.

    Салтанаттың отбасы мен жақындарынан тағы да кешірім сұраймын. Салтанаттың отбасына, жақындарына, шын көңілден қайғырып көңіл айтамын және кешірім сұраймын. Салтанаттың жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын. Иманы саламат болсын", - деді Байжанов.

    Сотта соңғы сөзін айтқан Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың отбасынан кешірім сұрады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.