jitsu gif

Бишімбаевқа рақымшылық жасалуы мүмкін бе: бас прокурордың орынбасары жауап берді

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Қуандық Бишімбаев Конституцияның 30 жылдығына орай жасалатын рақымшылыққа ілінбейді. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін мәжіліс Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Рақымшылық жарияланғаннан кейін 2100-ден астам қылмыстық іс жабылатыны белгілі болды.

БАҚ өкілдері бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке "Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма" деген сұрақ қойды.

"Жоқ, оған ілінбейді. Заң шығарушылар және әзірлеушілер (заң жобасын - ред. ескертпесі), мәжіліс депутаттарының еркі бойынша қылмыста қасақана немесе абайсызда жасалғанына қарамастан, адам өлімі болса, онда оларға рақымшылық жасалмайды", - деп түсіндірді Шындалиев.

Рақымшылыққа кім ілінетіні туралы мына жерден оқи аласыз. Бұған дейін Конституцияның 30 жылдығына орай қанша адамға рақымшылық жасау жоспарланып отырғанын хабарлағанбыз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.