Бишімбаев ісі бойынша сот отырысының онлайн-трансляциясы бар-жоғы екі минутқа созылды
Опубликовано:
Бүгін Астанада экс-министр Бишімбаев пен оның туысы Байжановқа қатысты сот процесі жалғасты, бірақ отырыс екі минутқа ғана созылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кезекті сот отырысы бүгін сағат 10:00-де басталды – судья тараптарды түгендеп, отырыс кейбір адвокаттардың қатысуынсыз өтуі мүмкін екенін ескертті.
"Алдыңғы сот отырысында сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың соңғы сөзі тыңдалды және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 653-бабының талабына сәйкес, тараптар алқабилердің қатысуымен сот шешетін сұрақтарды талқылауға тиіс.
Дәл осы бапқа сәйкес, алқабилердің қатысуымен сот шешетін сұрақтарды талқылау және құрау кезінде алқабилер кеңесу бөлмесінде болуы керек", - деді судья Айжан Құлбаева
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналынан көруге болады.
Осыдан кейін судья алқабилер мен БАҚ өкілдерінен залдан шыға тұруды және хабар таратуды тоқтатуды сұрады. Судья алқабилерге сұрақтар қашан қойылатынын айтқан жоқ.
- "Олар қозғала бастады": адвокат Вранчев "элиталық паразиттер" деген сөзіне қандай реакция болғанын айтты
- Бишімбаев ісі: экс-министрдің қорғаушысы БАҚ өкілдерін сотқа бермек
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2098064-quandyq-bishimbaevtyng-isi-boiynsha-sot-otyrysy-bastaldy-onlain-transliatsiia/