jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте қорапқа салынған шала туған сәбидің денесі перзентхана алдынан табылды

    Жаңа туған шақалақтың аяғы
    Жаңа туған шақалақтың аяғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкентте белгісіз біреулер шала туған нәрестенің денесін қорапқа салып, перзентхана алдына тастап кеткен. Баланы қауіпте қалдырды деген күдікпен әйел ұсталды. Бұл туралы Otyrar.kz басылымы қалалық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, оқиға 7 мамырда сағат 21:30 шамасында болған.

    Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталықтың алдына шала туылған нәрестенің денесін қорапқа салып, қалдырып кеткен.

    Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің дамуы жүктіліктің төртінші айына сәйкес келеді. Оның қалай дүниеге келгені белгісіз. Мамандар әйелдің мерзімінен бұрын босануға арналған дәрі қабылдауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

    Бұдан бөлек қорапта жазба табылған. Алайда оның мазмұны да, әйелдің перинаталдық орталық ғимаратына қалай кіргені де әлі белгісіз.

    "Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті өкілдері.

    Шымкентте қорапқа салынған шала туған сәбидің денесі перзентхана алдынан табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.