jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Қаруы болған": Жезқазғанда жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды (видео)

    Оқиға орнына келген полицейлер
    Оқиға орнына келген полицейлер. Видеодан кадр: instagram.com/policeofulytau

    Жезқазғанда жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды. Полицейлердің айтуынша, куәгер жүргізішіде өзімен бірге қаруы болғанын айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлытау облысы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

    Жезқазғанда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жеңіл автокөлік жүргізушісін ұстады.

    Ведомство ақпараты бойынша, күдікті полицейлердің заңды талаптарына бағынбай жасырынуға тырысқан.

    Сондай-ақ тәртіп сақшыларының айтуынша, полиция басқармасының 102 нөміріне қоңырау шалған қала тұрғыны жүргізушіде өзімен бірге қару барын хабарлады.

    Жедел басқару орталығының офицерлері күдіктіні ұстауға патрульдік полиция мен "Арлан" арнайы бөлімшесін жіберді. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

    Тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда полицейлер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның нәтижелері жарияланбайтынын айтты.

    "Қаруы болған": Жезқазғанда жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.