jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында итті қағып кеткен депутат жазаланды

    Жол жанында тұрған ит
    Жол жанында тұрған ит. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде Ақмола облысындағы мәслихаттардың бірінің депутаты әріптестерінің көзінше итті қағып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Облыстық полиция департаменті өкілдері ер адам жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Депутат Ақмола облысында әріптестерінің көзінше итті аяусыз қағып кетіп, көліктен түсіп, салқынқандылықпен әрі қарай "жұмысына" жөнелген.

    Куәгерлердің айтуынша, ит адамдарға сенгендіктен көліктен қашпаған. Оны бүкіл ұжым үнемі тамақтандырып, суық мезгілде өлуіне жол бермеген. Мұндай садизм әрекетінен кейін адамдар жануарға көмектесуге тырысқанымен, ештеңе істей алмады. Салдарынан иттің өлігі көлікке тиеліп, көмілді", - деп жазылған желіде тараған ақпаратта.

    Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

    "Зеренді аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізді, оның барысында полицейлер жануарға қатыгездік көрсеткен жүргізушіні жауапкершілікке тартты", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

    Ақмола облысында итті қағып кеткен депутат жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.