jitsu gif
Оқыс оқиға

    СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

    ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді

    Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарда.

    Құзырлы орган тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.