jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    МАЭК басшылары 1,4 млрд теңгенің келісімшарты үшін қызметінен айырылды

    Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты
    Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты. Фото: primeminister.kz

    Маңғыстау облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы талдау қорытындысы бойынша "МАЭК" ЖШС қызметінде заңбұзушылықтарды анықтады. Кәсіпорынға жалпы сомасы 1,4 млрд теңге көлемінде шығын келген, деп хабарлайды өңірлік қадағалау органына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын технологиялық ақау салдарынан ортақ көзден мемлекеттік сатып алу туралы "RTEX" ЖШС-мен тікелей келісімшарт жасасқан. Алайда жасалған келісімшарт негізсіз деп танылды.

    "Аталған акт бекітілген Қағиданың талаптарын бұза отырып жасалған, яғни қағидаға сәйкес I және II дәрежелі ақауларды тексеру нәтижелері ресімделеді ("Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары" ҚР ЭМ 20.02.2015 жылғы №121 бұйрығы)", - делінген хабарламада.

    Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ортақ көзден келісімшарт жасасуға негіз болатын апаттар анықталған жоқ.

    Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот технологиялық ақау актісі мен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты жарамсыз деп таныды.

    Осылайша 1,4 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілген жоқ.

    Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бірқатар басшы өз қызметтерінен босатылды.

    МАЭК басшылары 1,4 млрд теңгенің келісімшарты үшін қызметінен айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.