jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда ер адам егде жастағы күзетшіні ұрған (видео)

    Шатақ шығарған тұрғын
    Шатақ шығарған тұрғын. Фото: t.me/kris_p_almaty_kz

    Қазнет қолданушылары "Столичный" ТК күзетшісін ұрған ер адамның әрекетіне наразы. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматылықтар Kris_p_almaty Telegram-арнасында жарияланған видеоны талқылап жатыр.

    Бейнежазбада кепке киген ер адам мен тұрғын үй кешенінің күзетшісі арасындағы жанжалды көруге болады. Видео авторларының айтуынша, оқиға "Столичный" тұрғын үй кешенінде болған.

    Қалпақ киген адам күзетшіге жақындап, оны қабырғаға тақап, ішінен ұрады. Желіде тарағаннан кейін желі қолданушылары ұрған адамды жазалауды талап ете бастады.

    "Жастар қандай болып барады. Тәрбие жоқ, үлкенге құрмет жоқ", - деп жазды қолданушылар.

    Алматы полиция департаменті өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісі бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    "Құқықбұзушы ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Ер адамның алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп жауап берді ведомстводағылар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.