jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда ер адамның спа-салон қызметкеріне шабуыл жасағаны видеоға түсіп қалған

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/syrymitkulov

    Алматыдағы спа-салондардың бірінің қызметкеріне ер адам шабуыл жасады. Желіде бақылау камераларының видеосы пайда болды. Полицейлер шабуыл жасаған адамды ұстағанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видеоны қазақстандық блогер Сырым Итқұлов Telegram-дағы арнасында жариялады. Оның айтуынша, видеоны жәбірленуші жіберген.

    "Алматыда Ресей азаматы спаға кіріп, оған сыра сатуды сұраған. Сатушы қыз "алкоголь сатпаймыз" деп жауап берген.

    Сол кезде ер адам қызды балағаттап, кейін қасына барып, басынан ұрып, шашынан тарта бастаған", - деп жазды блогер.

    Жазбаға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

    "Ұрған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Құқыз бұзушы ұсталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.