jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанада кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен жасөспірім ұсталды

    пышақ
    Пышақ. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Желіде Астанада НЗМ оқушысын өлтірмек болғаны туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат БАҚ-та тарап кетті. Қыздың пышақталғаны, қазір ауруханада жатқаны хабарланды.

    NUR.KZ тілшісі елорданың полиция департаменті баспасөз қызметіне хабарласып, пікір білдіруді сұрады.

    Тәртіп сақшылары Есіл аудандық ішкі істер бөлімі 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын растады.

    "Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарда.

    Тәртіп сақшылары басқа мәліметтер жариялауға жатпайтынын атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.