jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада 18 жастағы қызға қастандық жасалды: бойжеткеннің қазіргі жағдайы белгілі болды

    Аурухана ішінде түсірілген иллюстрациялық сурет
    Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада 18 жастағы қызды өлтірмек болды – ол пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, бойжеткеннің жағдайы қазір ауыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың жағдайы туралы айтты.

    "26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпсалалы ауруханаға іштің көптеген жарақатымен 2006 жылы туған қызды жеткізді", - дейді дәрігерлер.

    Жәбірленушінің іш аймағына ота жасалған. Оның жағдайы қазір ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.

    Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Астанада НЗМ оқушысын өлтірмек болғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Полицейлер бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын хабарлады.

    Астанада 18 жастағы қызға қастандық жасалды: бойжеткеннің қазіргі жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.