jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Энергетика министрлігіндегі департамент басшысы жауапкершілікке тартылды

    Костюмдегі ер адам
    Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

    Бас прокуратура Энергетика министрлігі жобаны инвесторға келісуді кешіктіргенін анықтады. Осыған байланысты Энергетика министрлігінің департамент директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде.

    Бас прокуратура мен "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (Task Force) бірлескен жұмысышең берінде Батыс Қазақстан облысында метанол өндірісі бойынша газ-химия кешенін салу жобасын іске асыратын отандық инвестордың проблемасы анықталды.

    Атап айтқанда, Энергетика министрлігі заң талаптарын бұза отырып (15 жұмыс күні орнына) инвестициялар туралы келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны құру мерзімін 60 күнге дейін созған. 

    Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін Энергетика министрлігінің департамент директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Жалпы, прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    "Бүгінгі таңда прокурорлар инвесторлардың 218 проблемалық кейсін шешті. Бұл жұмыс жалғасып жатыр және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.

    Энергетика министрлігіндегі департамент басшысы жауапкершілікке тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.