jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Көшеде айғайлап, күш көрсеткен": Алматыда жігіт пен қыздың жанжалы видеоға түсіп қалды

    Жылап отырған қыз
    Жылап отырған қыз. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматыда қыз бен жігіт арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған. Оқиғаға қатысты полицейлер түсінік берді. Ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    ZTB басылымының Instagram-дағы желісінде Алматыда куәгерлер түсірген видео пайда болды. Кадрлардан жігіт пен қыздың жанжалын, бейәдеп сөздер айтылғанын байқауға болады.

    "Алматыда тапа-тал түсте ер адам сүйіктісімен жанжалдасты. Ашуларған ер адам оған ұрысып, кұш көрсеткен", - делінген видео сипаттамасында.

    Полиция департаментіндегілер NUR.KZ тілшісіне ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

    "Ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу басталды. Құқықбұзушы ұсталды, жауапқа тартылады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Ескерту! Видеода балағат сөздер бар!

    "Көшеде айғайлап, күш көрсеткен": Алматыда жігіт пен қыздың жанжалы видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram