jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бишімбаевтың адвокатына сотта қаулы шықты: Ғазымжанов оны заңсыз деп тануды сұрайды

    Ерлан Ғазымжанов
    Ерлан Ғазымжанов. Видеодан кадр: ҚР Жоғарғы сотының YouTube-арнасы

    Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот отырысында судья Айжан Құлбаеваның бұған дейін шығарған сот қаулысына апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сот барысында Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяға қарсы шыққан болатын. Оның айтуынша, оған себеп судьяның сотқа шақырылмаған куәгерлердің айғақтарын оқуға рұқсат беруі. Алайда Ғазымжановқа осылай жасауға рұқсат берілмеген болатын.

    Сондай-ақ ол судьямен жанжалдасып, оған қарылық болып жатқанын айтқан еді.

    Судья сот процесінде Ғазымжановқа бірнеше рет ескерту айтып, нәтижесінде сотты құрметтемеу туралы жеке қаулы шығарған. 3 мамырда ол бұл шешімге апелляциялық шағым түсіріп, бүгін Астана қалалық сотында істі қарау басталды.

    Ғазымжановтың қорғаушылары Қуандық Бишімбаевтың адвокаты болған Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова.

    28 мамырда Ғазымжанов өзіне қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтып, полицияға хабарласқаны белгілі болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.