jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Елорда тұрғыны Министрліктер үйіне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған

    Үкімет үйі
    Үкімет үйі. Фото: primeminister.kz

    Астанада Министрліктер үйінің ғимаратында және оның тұрғылықты жерінде терроризм актісі болу мүмкіндігі туралы хабарлаған адам сотталды. Лаңкестік актісі туралы ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы елорда прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанада лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан жергілікті тұрғын сотталды.

    "Сотталушы "102" арнасына қоңырау шалып, Министрліктер үйінің ғимаратында және оның тұрғылықты жерінде терроризм актісі болу мүмкіндігі туралы хабарлаған. Алынған хабарламаны тексеру кезінде полиция қызметкерлері қоңыраудың жалған екенін анықтады. Сот үкімімен кінәлі адам сотталды. Үкім заңды күшіне енді", - делінген прокуратура хабарламасында.

    Прокуратура өкілдері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

    Елорда тұрғыны Министрліктер үйіне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.