jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ертіс өзенінің теміржол көпірін жарықтандыруға 150 млн теңге бөлінген мемлекеттік сатып алу тоқтатылды

    Теміржол көпірі
    Теміржол көпірі. Көрнекі фото: pexels.com

    Павлодарда мемлекеттік сатып алулар бойынша құқықбұзушылықтар анықталды. Қадағалау органы бірқатар заңсыздықты тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

    "Константиновский арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету психоневрологиялық орталығы" КМУ қамқорлығындағы адамдарға жұмсақ құрал-жабдықтарды, киім-кешек пен аяқ киімдерді жеткізу үшін жеткізушілермен 40 лот бойынша шарттар жасаған.

    Техникалық ерекшелігінде тауарлардың сипаттамаларын WhatsApp қосымшасы арқылы келісу керек екені көрсетілген, мұндайға жол берілмеуге тиіс.

    Павлодар облысының басқа да мемлекеттік мекемелерінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының (38-бабы 2-тармағы) талаптарына қарамастан, 7 сатып алу бойынша жеке әлеуетті өнім берушіге тиесілігін көрсететін тауардың фирмалық атаулары заңсыз көрсетілген.

    Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Тағы бір жағдайда бюджеттің тиімсіз жұмсалуы тоқтатылды.

    Мәселен, прокуратураның ұсынуы бойынша Павлодар қаласындағы Ертіс өзенінің теміржол көпірін жарықтандыруға мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, жарияланған сома – 150 млн теңге. Тапсырыс беруші балансында теміржол көпірі бар "ҚТЖ" АҚ филиалының орнына Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі болған.

    Ақшалай қаражат автожолдарды жөндеуге қайта бөлінген.

    Кінәлі тұлға жауапқа тартылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.