jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстауда бұрынғы әскери қызметші адам ұрлап, оны өлтірді деген күдікке ілінді

    Сапта тұрған әскери қызметші
    Әскери қызметші. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде Маңғыстау облысында 59 жастағы ер адам ұрланып, кейін өлтірілгені туралы ақпарат пайда болды. Облыстық полиция департаменті бұл қылмыс бойынша бұрынғы әскери қызметкер күдікке ілінгенін, тергеу жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Адам ұрлау және өлтіру бойынша екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп атап өтті Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Ведомство бұл іс бойынша күдікті деп танылған адам бұрынғы әскери қызметші екенін растады. Ол жұмысқа келмегені үшін қызметінен босатылған.

    Маңғыстауда бұрынғы әскери қызметші адам ұрлап, оны өлтірді деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.