jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстауда мас күйде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылмаған

    Әсет Шопанов
    Әсет Шопанов. Фото: gov.kz

    Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылып, оған қатаң сөгіс жарияланды. Бұл жөнінде облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сот Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопановты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) жауапкершілікке тартқан.

    Шенеунікке 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

    Кейін ол тәртіптік жазаға тартылыпты.

    "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Жоламанұлы Шопанов 2023 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрықпен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды", - деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

    Шенеунік қызметін атқарып жүр.

    Маңғыстауда мас күйде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылмаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.