jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Сатыбалдыұлынан бұрынғы әйелінің ісі бойынша жауап алына ма

    Гүлмира Сатыбалды
    Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: "Хабар" телеарнасы / khabar.kz

    Жәбірленуші Абай Жүнісовтің адвокаты Рашид Теңізбаев Қайрат Сатыбалдыұлын сот залына куәгер ретінде шақыру туралы өтініш білдіретінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін Алматыда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты басты сот отырысы басталды.

    Ол бопсалау, адамды бас бостандығынан заңсыз айыру және рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталып отыр.

    Гүлмира Сатыбалдымен бірге оның жеке жүргізушісі Мәди Батыршаев айыпталушы орындығында болды. Ол адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ауыр зардаптарға әкеп соқтырған адам ұрлады заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыпталып отыр.

    Іс бойынша жәбірленуші Абай Жүнісов. Жүнісовтің адвокаты Рашид Теңізбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, жәбірленуші мен сотталушының туыстары екенін растады.

    "Ол кезде, 2019 жылы Абай Қадырұлы Гүлмира Сатыбалданың күйеу баласы болған. Ол кезде сіңлісіне үйленген", - деді адвокат.

    Сондай-ақ, Теңізбаевтің адвокатының айтуынша, оның қорғаушысы Гүлмира Сатыбалдының қатты психологиялық қысымына ұшыраған.

    "Қатты азаптау болған жоқ, бірақ қолымызда Абай Қадырұлының психикасына әсер еткені, өміріне қауіп төніп тұрғаны жазылған психиатриялық сараптаманың қорытындысы бар", - деді адвокат Теңізбаев.

    Теңізбаевтың айтуынша, бұл іс бойынша Қайрат Сатыбалдыұлынан жауап алынбаған.

    Адвокаттың айтуынша, айыпталушының бұрынғы күйеуін куәгер ретінде шақыру туралы өтініш беру әлі ерте.

    "Сот тергеуінің аяқталуын күтейік, содан кейін бұл мәселеге қайта ораламыз", - деді Рашид Теңізбаев.

    Қайрат Сатыбалдыұлынан бұрынғы әйелінің ісі бойынша жауап алына ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.